Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ата – анаға кеңес

«Бала тәрбиесі баршаға ортақ!»

 

«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал-еңбек,мінсіз –ақыл,таза –жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» -деген Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыздың сөзін негізге ала отырып, болашақ ұрпақты саналы да сапалы азамат етіп өсіру отбасы мен балабақшаның жауапкершілігін арттыра түседі.

Сәби дүние есігін ашқаннан кейін ең алдымен өз отбасымен танысады, өз отбасынан тәлім- тәрбие алады.Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған,болашағына арманына балаған. «Балалы үй базар,баласыз үй қу мазар», «Босағасын алтыннан соқсаңда перзент сүймей,адмның мейірі қанбас»-депбарлық асыл сөздерін арнаған.Ата-ананың қарым-қатынасыжас баланың адамгершілік жағынан толысып жетілуіне үлкен ұлес қосады және ізгілікті іске баулиды.«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланың отбасында көрген тәрбиесі өмір бойы баланың өн бойынан табылып тұрады. Отбасында көрген тәрбиені ешбір балабақша немесе мектеп түзете алмайды.

М.Жұмабаевтың мынадай бір сөзі есіме түсіп тұр: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн». Сондықтан, ата-ана балаға болашақ заман талабына сай бағыт беріп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесе дегім келеді.

Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады.Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, адамгершілік, физикалық және көркем тәрбие , даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым- қатынас жасауға , қоғамдық өмірдің әдет дағдыларын игеруге бейімделеді.Іс — әрекеттің тап осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады.Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп атауға болады. Жоғарыда аталып өткен іс әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Бала өзін -өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз.Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз іс — әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең.Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға , өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін өзі таныта білуге, мінез құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу-тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Баланың инабатты, тәрбиелі, көзі ашық, отансүйгіштікке баулуға отбасы мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері бірге атсалысқаны жөн.

 Қорыта айтсақ перзент ата-анаға аманат. Баланың жүрегі пәк, нәзік, таза. Оны қалай тәрбиелесең солай өсіп,жемісін көресің.аңқау жане нақыш салынбаған таза гауһар тасы сияқты. Жүрекке қандай ою-өрнек салынса, ол соған ұқсап пішінделеді, оны иген тарапқа қарай иіледі. Егер бала жақсылыққа үйреніп, жақсылықты әдеттенсе, дүние мен ахиретте бақытын табады. Әрине бұл сауапқа оның ата-анасы жане тәрбиешісі мен оған тәлім берген адамдар бөленеді. Егер балаға көңіл бөлінбей шеттеп қалып қойса, жамандықтың ортасында өссе, бақытсыздыққа душар болып, құрып кетеді. Бұл жағдайда күнәнің ауыртпалығы оны осы қүйге түсіргендер  мен ата-ананың мойнына артылады. Сонымен, бала тәрбиесі кезек күттірмейтін, күн тәртібінен ешқашан түспейтін өзекті мәселе болып қала бермек. Сондықтан да, мынау өзгермелі қоғамда баламызды, өзімізге жат етпей отбасы, қоғам болып бірлесе отырып Қазақстанның атын шығаратын өнегелі, тәрбиелі ұрпақты тәрбиелей берейік. Ұрпағымыздың тәрбиесіне мән беріп, баршамыз салиқалы ұрпақ тәрбиелеуге ат салысайық!